Дүниеге үшем әкелген ана баспаналы болды

0
2 226

3 қыркүйек күні 23 жастағы жас ана Аяжан Төленді​ дүниеге үшем алып келген-тұғын. Бүгінде ол 6 баланың анасы атанып отыр.


Дүниеге үшем әкелген ана баспаналы болды

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылында үшем дүниеге алып келген Аяжан Төленді баспаналы болды, деп хабарлайды EERNUR.KZ сайтының Келес ауданындағы тілшісі.

Естеріңізге салар болсақ, 3 қыркүйек күні Түктібаевтар отбасында қуанышты күн болған еді. Дәл сол күні 23 жастағы жас ана Аяжан Төленді дүниеге үшем алып келген-тұғын. Бүгінде ол 6 баланың анасы атанып отыр.
Осы айтулы қуанышқа орай Келес аудан әкімі А.Есбаев жас отбасыға арнайы келіп, баспана кілтін табыстады. Әрі, көпбаласы отбасы мен нәрестелерге қажетті заттар сыйлады.