​"Эко-базарда" өткен жәрмеңкеде 20 тоннадан аса өнім қойылды

0
1 033

Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке аясында өнімдер 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.


​

Бүгін Түркістан қаласындағы "Эко-базар" әмбебап сауда орталығында Түркістан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңкеде Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласының 30-дан астам тауарөндірушінің 20 тоннадан аса өнімі шығарылды.

Жалпы, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке аясында өнімдер 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Атап айтқанда, қымыз 704 тг, баклажан 90 тг, сәбіз 225 тг, картоп 180 тг, қауын 100 тг (1 кг), әңкелек 250 тг (данасы), қарбыз 300-450 тг (данасы) аскөк 135 тг, қияр 180 тг, алма 360 тг, қой еті 2047 тг, жылқы еті 2160 тг, болгар бұрышы 180 тг, сиыр еті 1955 тг, қызылша 189 тг, қызанақ 162 тг, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан 80 тг және консервіленген көкөністер 180 теңгеден сатылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жәрмеңке апта сайын жалғасатын болады. Жәрмеңкеде өнімдері қойылатын аудан-қалалар да алдын ала хабарланады.

Айта кетейік, "Эко-Базар" әмбебап сауда орталығына №1, 14, 15, 18 және 30 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.