"Ел тәуелсіздігі - қастерлі құндылық" атты іс-шара өтті

0
1 355

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Ерубаев музейінде «Ел тәуелсіздігі — қастерлі құндылық» атты мерекелік іс-шара болып өтті.


Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Ерубаев музейінде «Ел тәуелсіздігі — қастерлі құндылық» атты мерекелік іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Ерубаев музейінде — Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің, С.Ерубаев музейінің, Облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың, Кентау қалалық музейінің, Арыс қалалық музейі, Руханият музейінің және облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «Ел тәуелсіздігі — қастерлі құндылық» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Шараға Түркістан қаласының «Құрметті азаматтары», ақын, жазушылар Е.Бимағамбетов пен Н.Назаров, Облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің қызметкері К.Еділбай, Желтоқсан оқиғасына куәгерлері С. Бейімбетова мен Т. Сыздықова, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г. Аренова және сол музейдің бөлім меңгерушісі Б. Абдуқалиқызы құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мерекелік шараны Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», республикалық «Өнегелі отбасы» сайысының бас жүлдегері, ақын, жазушы, бүгінде зейнет демалысындағы ақсақал қария Е. Бимағамбетов кіріспе сөз сөйлеп ашып берді. Бұдан соң сөз алған «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің қызметкері К. Еділбай жиылған қауымды қастерлі мерекемен құттықтап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараға оң бағасын берді. Өз кезегінде Желтоқсан оқиғасының куәгері С. Бейімбетова тарих болып қатталған қатал күндер туралы көзбен көрген қиындықтарын қызықты етіп әңгімелеп берді. Ақын, жазушы Н. Назаров жалпы Желтоқсан оқиғасы туралы айта келіп, «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында атқарылған мәні зор шара екеніне тоқталды. Жиылған көпшілікке Желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетілді. Түркістан қаласындағы №23 жалпы орта мектебінің оқушылары патриоттық рухта ән шырқады және би биледі.

Айтулы шараны Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г. Аренова келген қонақтарға алғыс білдіре келе қорытындылады.

Мерекелік шара Тәуелсіздік күніне арналған фотосуреттер көрмесімен жалғасты.