Еліміздің ең мықты суретшілері Түркістанның тарихынан сыр шертетін сурет салып жатыр

0
907

Түркістанның тарихы суретшілерге арқау болды.


Еліміздің ең мықты суретшілері Түркістанның тарихынан сыр шертетін сурет салып жатыр

«ART Turkistan» Халықаралық өнер фестивалінің аясында суретшілер симпозиумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында «ART Turkistan» Халықаралық өнер фестивалінің аясында суретшілер симпозиумы өтіп жатыр. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған шараға 12 суретші қатысып отыр. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен ҚР Мәдениет саласының үздіктері бар. Фестиваль барысында өнер иелері Түркістан тарихынан сыр шертетін 12 көлемді сурет салып, ізденіс жұмыстарын музей қорына тапсырады.


17 маусым күні шараның ашылу салтанаты өтіп, оған Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысқан еді. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық шаралар ғана емес, республикалық және халықаралық шаралардың өтіп жатқанын, соның бірі осы «АРТ Түркістан» халықаралық өнер фестивалі екенін тілге тиек етіп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын.


Фестиваль аясында Халықаралық дәрежедегі ТМД елдерінен шақыртылған өнертанушы-сарапшылар салынған туындыларға анықтамалық сараптама жұмыстары жүргізетін болады. 27 маусымда «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан бейнелеу өнері музейлерінің және облыс музейлері басшылары мен қызметкерлері қатысатын ғылыми конференцияға ұласып, фестиваль жұмысын қорытындылайтын ауқымды көрмемен аяқталмақ.