Олардың жалақысы шамамен 5 мың доллардан (2 миллион 400 мың теңге) басталады.
ERNUR.KZ. Елімізде жұмыссыз қалған мұнайшылар шетелдердегі алпауыт компанияларға орналастырылады, деп жазады stan.kz.
Білікті мамандар жұмысын Таяу Шығыс, Катар және Сауд Арабиясында жалғыстыруы мүмкін. Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген шетелдік мұнай компанияларының бас мердігерлеріне талап қоюды көздеп отыр. Себебі ұзақ жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келген мұнай компанияларымен мамандарды тарту туралы ортақ келісімдер бар екен.
Бүгінде бұл салада өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жатқан отандастарымыз бар. Олардың жалақысы шамамен 5 мың доллардан (2 миллион 400 мың теңге) басталады.
Соңғы 2 жылдың ішінде теңіз мұнай-газ кен орындарында 80 мыңға жуық азамат жұмыстан босатылыпты.
“Біз, компания басшылары мен кәсіпкерлер, тәжірибелі мамандарды жоғалтқымыз келмейді. Сондықтан шетелден жаңа жобаларды іздей бастадық, ал келешегі бар салалар – Катар мен Сауд Арабиясында. Оларда алдағы жылдары мұнай-газ секторына ірі инвестиция салу жоспарланып отыр. Мамандарымызды сол жақта қалай жұмысқа орналастырамыз деп ойлана бастадық. Оның бір жолы – Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік бас мердігерлер”, – деп мәлімдеді Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген.