Еліміздің тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар оқушыларды Отансүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге тәрбиелейді.
фото: st-cbs.ucoz.kz
Жақында Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы «Жеңіс» мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шаралар өтілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталмаш шараға қатысқан мектеп директоры Үбайдина Гүлжан Тұрарбекқызы әріптестерді ел тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесімен құттықтап, Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азаматтың осынау игілікті іске өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс екеніне тоқталды.
Мерекеге орай білім ордасында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. 9 «А» сыныбында еліміздің тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік тұмары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушыларды Отансүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге тәрбиелеу.
9 «Б» сыныбында «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында танымдық сабақ, 9 «В» сыныбында «Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылардың дайындаған көріністері көрсетілді.
Елбасына арналған «Елбасы – ел шежіресі» және «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Iс-шара барысында ашық тәрбие сағаттары, түрлі конкурстар, спорттық сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Мұндай іс-шаралар ұйымдастыру мектеп дәстүріне айналған. Келген қонақтарға мектеп оқушылары мен ұжым арнайы дайындаған сый-сияпаттарын тапсырып, концерттік бағдарламалар ұсынды.