ELORDA CUP: Түркістандық қос боксшы чемпион атанды

0
388

8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.


ELORDA CUP: Түркістандық қос боксшы чемпион атанды

Астанада III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астанада III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.


6 күнге жалғасқан бәсекеде жұдырықты жігіттер шаршы алаңда бар өнерлерін көрсетті. Ерлер арасында ұлттық құрама жігіттері 9 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалады. Оның ішінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері де бар.


51 келіде қолғап түйістірген Сәкен Бибосынов осы турнирдің қатарынан 2 дүркін жеңімпазы атанса, 92 келідегі талантты жерлесіміз Сағындық Тоғамбай да жеңістің шыңын бағындырды. Ол қытайлық қарсыласынан есе қайтарды. Сондай-ақ 71 келіде Темірхан Тезек күміс жүлдегер атанса, 60 келіде Әділет Құрметов пен 71 келідегі Аман Қасымбаев қола медальді місе тұтты.


Ал әйелдер арасындағы сайыста 75 келіде күш сынаған Айда Сарибарова қола медальді қанағат етті. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Енді ұлттық құрама боксшылары Париж Олимпиадасына дайындалады.