Ашық сабақтың мақсаты - табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтауды, оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты И. Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік спид күніне қарсы 7 "ә" сыныбында "Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама" тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ашық сабақтың мақсаты - табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтауды, оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп сақтай білуге тәрбиелеу. «Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама» атты тәрбие сағатында оқушыларға «Нашақорлық- ғасыр дерті. Ұлтты азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталатынын, онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде екенін» мамандар түсіндіріп өтті.
Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі.
Шара барысында оқушыларға есірткі жайлы барлық мағлұмат беріліп, зияндылығы түсіндірілді. Заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы ашық тәрбие сағаттары қала аумағындағы мектептерде өткізілуде.