Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорында 26 мыңнан астам жәдігер сақталса, соның 80 пайызы – түпнұсқа.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкілдері Түркістандағы тарихи орындарды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері Түркістан облысына келді. Делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр Арзыбек Кожошев, интеграция және макроэкономика жөніндегіминистрі Данияр Иманалиев, техникалық реттеу жөніндегі министр Александр Субботин, кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Сергей Шкляев, сондай-ақ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Максим Ермолович бар.
Жұмыс сапары аясындаделегация Түркістан қаласындағы «Сирек жәдігерлер залы» көремесін аралап, тарихи жәдігерлермен танысты. Экспозицияға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен ХІV ғасырдан бері сақталып келе жатқан аса құнды тарихи жәдігерлер ұсынылған. Сонымен қатаркөрмеге музей қорының 100-ден астам құнды жәдігері қойылған.Қазіргі таңда«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорында 26 мыңнан астам жәдігер сақталса, соның 80 пайызы – түпнұсқа.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жәнетуристік әлеуеті туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев баяндады.
ЕЭК өкілдері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, түркі әлемі үшін маңызды тарихи-рухани нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Сондай-ақ делегация мәдени-рухани орталықта орналасқан«Керуен сарай» туристік кешенінде болып, әлемдегі теңдесі жоқ ұшатын «Алтын Самұрық» театрынтамашалады.
Дүние жүзінде 8D форматында 18 ұшатын театрболса, ТМД елдері бойынша мұндай театр жалғыз Түркістан қаласында ғана бар. 8 D форматтағы әсерлі саяхат арқылыеліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісіне саяхаттады.
Аталған жұмыс сапары Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысымен өңірге саяхаттаған туристер саны 500 мың адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 15,9%-ға өскен. Тарихи орындарға 1 012 мың адам саяхаттап, 2024 жылдан 13%-ға артқан. Облыста туристерге қызмет көрсететін 265 орналастыру орны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,7%-ға өскен.


