​«Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі»

0
1 943

Осындай атпен қазақ хандарының азаттық жолындағы күресін дәріптеген дөңгелек үстел өткізілді.


​«Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі»

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақ хандығының ел тәуелсіздігін сақтау жолындағы қалмақтарға қарсы ерлік істерін жас ұрпаққа насихаттау, түсіндіруді мақсат тұтқан шараға Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің шымылдығын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы ашып, ғылыми баяндамасын оқыды және қазақ хандығының Түркістанды қалмақтардан азат етілгендігі жөнінде бейнебаянын мектеп оқушыларының назарына ұсынды. Іс-шара барысында директордың ғылыми – ісі жөніндегі орынбасарына сөз беріліп, қазақ-қалмақ соғысының тарихи маңыздылығына тоқталып, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған көшпенділердің тарихи жетістіктерін ортаға салды. Іс-шара соңында кіші ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының магистрі Абдуахитов Ерқожа «Ұлы даланың жеті қыры – қазақ халқының рухын тірілтудің тарихи феномені» тақырыбында 8-9-10-11сынып оқушыларымен пікір алмасу өткізіп, Президентіміздің мақаласына қатысты талқылау мен талдау жұмыстарын жүргізді.