ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: Табиғи газ ұрлаған түркістандық 5 жылға сотталды

0
617

Бірақ қашып үлгерген күдікті кәсіпкерге 10 ақпанда халықаралық іздеуде жарияланды.


ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: Табиғи газ ұрлаған түркістандық 5 жылға сотталды

Қазақстанда алғаш рет жылыжай иесінің газ ұрлауына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында газ құбырынан газды аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кәсіпкер В.Мамедов 5 жылға шартты түрде сотталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының Түркістан өндірістік филиалының дерегінше, 2023 жылдың қаңтар айында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының қызметкерлері Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Қызыл ту» шаруа қожалығын тексеріп, олардың тауарлық газды ұрлағанын анықтаған. Газ мекемесінің келісімінсіз жоғары қысымды газ құбырына диаметрі кіші газ құбырын заңсыз жалғау арқылы кәсіпкер өзінің жылыжайларын газбен қамтамасыз еткен және тұтынылған газ үшін ақы төлемеген.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жәбірленуші тарап деп танылған қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, 2023 жылғы 6 ақпанда күдікті В.Мамедовты екі жыл мерзімге қамауға алуға санкция берілген. Бірақ қашып үлгерген күдікті кәсіпкерге 10 ақпанда халықаралық іздеуде жарияланды. Жедел іс-шаралар барысында полиция органдары күдікті В.Мамедовты ұстады.


«2024 жылғы 18 сәуірде Сарыағаш аудандық соты В.Мамедовты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 2, 3 тармағы бойынша, аса ірі мөлшерде мұнай-газ құбырынан газ ұрлау фактісі бойынша кінәлі деп таныды және оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасын тағайындады. Сотталушы В.Мамедов «Қызыл ту» ШҚүшін тауарлық газды ұрлау фактісі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне келтірілген материалдық шығынды толық төлеген», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті.