​Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында мереке тойланды

0
2 089

Еліміздің Тәуелсіздік күнін Қазығұрт ауданының халқы да өзінше ұлықтап, өзгелерден бұрын еске алды.


​Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында мереке тойланды

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай, мәдени іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, аудандық мәдениет сарайында «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты іс-шара болып өтті.

Қазығұрт ауданының әкімі мерекелік шараға келген аудан тұрғындары мен қонақтарды мерекелерімен құттықтап ыстық лебізін білдірді.

"Барша халық ерекше емірене, көздеріне жас ала еске алатын күндердің бірі - 16 желтоқсан екені айқын. Еліміздің Тәуелсіздік күнін Қазығұрт ауданының халқы да өзінше ұлықтап, өзгелерден бұрын еске алды. Өйткені, 1986 жылдың ызғарлы желі, боздақтардың еңбегі еш санадан өшпейді", - деді аудан басшысы.

Жиын барысында еліміз тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ауданда еңбегімен ерекше көзге түскен азаматтарды Астананың 20 жылдық, ауданның 90 жылдық төс белгілерімен, алғыс хаттармен марапаттады. Оның қатарында ұлағатты ұстаздар мен ардагерлер де бар.