Қазығұрттық жастар мерекеге сый жасады

0
925

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық "Жалында жастар" ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудан тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық мақсатында сыйлықтар үлестірілді.


Қазығұрттық жастар мерекеге сый жасады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, аудандық «Жалында жастар» ұйымының бастамасымен қайырымдылық мақсатында мерекеге орай аз қамтылған отбасыларға сыйлық үлестірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық "Жалында жастар" ұйымының
ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудан тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық мақсатында сыйлықтар үлестірілді. Бұл қайырымдылық шарасында Түркістан облысы және Қазығұрт ауданы кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарымен және азық-түлік алып беріп сый жасады.

Кәсіпкерлердің қолдауы, көлемді сыйлықтары көптеген отбасылардың қуанышына себеп болды. сыйлыққа ие болған аудан тұрғындары да өз кезегінде қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге және игі істің бастамашысы болып, ұйымдастырып жүрген Қазығұрт аудандық «Жалында жастар» ұйымының мүшелеріне де ерекше риза екендіктерін жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Әлеуметтік аз қамтылған аудан тұрғындарының Тәуелсіздік мерекесінде сыйлықтарға ие болғаны, ризашылықтарын білдіргені ұйымның жұмысына да жаңа серпіліс әкелді.