Келес ауданы аграрлы аймақ болуына байланысты ауыл шаруашылығы саламен кәсіпкерлік салаға көп көңіл бөліп отыр.
Түркістан облысындағы Келес ауданында 2018 жылдың10 айында өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 36,6 млрд теңге құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,4 млрд теңгеге немесе 93,7 пайызды құраған болса, оның 28,3 млрд теңгесі немесе 77,3 пайызы ауыл шаруашылығының үлесіне тиіп отыр. Бұл жөнінде Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз өкілдерімен өткен жиында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жыл басынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1230 бас ірі қара сиыр малы сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасымен 3540 бас ұсақ малдар, «Құлан» бағдарламасы бойынша 119 бас жылқы сатып алынған. Оған қоса ауыл шаруашылығы техникалары 41 бірлікке жаңартылғанын атап өтті.
«Ауданда жыл басынан бері 9 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны 592,1 млн теңгені құрады. Келесі жылы жалпы 3 ірі жоба іске асырылу көзделуде. Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде әрі сапалы орындауға әрі аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады. Айта кетерлігі, келесі жылы ауданымызда құны 4100,0 млн теңгеніқұрайтын 3 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Олар: “Оңтүстік Агропродакшн” ЖШС 310 га жерге грек жаңғағын егу, “Бес Қара” ЖШС 400 га қарқынды бау егу, “Көшім” ШҚ-ның балық өсіру және балық етін өңдеу жобалары болып табылады», - деді Ақментай Үсенұлы.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту бойынша ауданның 83 елді мекендері ішінде 38 елді мекені (11561 абонент) көгілдір отынмен қамтылған. 2019 жылы 52 елді мекенді (17522 абонент) табиғи газбен қамту жоспарлануда.
Ауыз су мәселесінде 83 елді мекеннің құбыр сумен қамтылғаны 40 елді мекенді құрайды. Келесі жылы 48 елді мекенді (18144 абонент) ауыз сумен қамту көзделіп отыр. Сапалы электр қуатымен қамту бойынша ауданда бүгінгі күнге 40 елді мекенді құрап, қамту үлесі 48,2 пайыз. Жылдың соңына дейін 46 елді мекенге немесе 55,4 пайызға жеткізілу жоспарлануда.