Жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 3-09-20 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.
Түркістан облысы Келес ауданында Әдеп жөніндегі уәкіл Серік Зәкірұлы Қарақұлов жеке қабылдау өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 15.00 де Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Серік Зәкірұлы аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдайды.
Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Атай кетейік, мұндай кездесу мемлекеттік қызметшілерге де, басқа саладағы азаматтар мен тұрғындарға өте қажет. Олар көкейінде жүрген келелі мәселелерге жауап алуға мүмкіндік алады.
Ескерте кетейік, жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 3-09-20 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.