латын негізді қазақ тілі әліпбиін

0
1 260

Салтанатты кеште өнер көрсеткен жастар патироттық әндер шырқап, 16 желтоқсан жайлы көріністер қойды.


латын негізді қазақ тілі әліпбиін

Түркістан облысы Келес ауданында Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық жастар ресурстық орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткзілген іс-шараны аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

"Тәуелсіздік тұғырым" атты тақырыпта өткен концерттік іс-шараға Бозай ауылдық округі мен Жамбыл ауылдық округінің өнерпаз жастары қатысты. Салтанатты кеште өнер көрсеткен жастар патироттық әндер шырқап, 16 желтоқсан жайлы көріністер қойды. Шара барысында «Менің тәуелсіз елім» туралы видео ролик көрсетілді.

«Концерттік кешті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына патироттық сезім қалыптастыру, егемен еліміздің еңсесін көтеріп, іргесін нығайтуға елеулі үлес қосқан батыр бабаларымыз бен қайсар мінезді аналарымыз жайлы таным қалыптастыру. Жастарды еліне аянбай қызмет ететін нағыз ұлтын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу», - дейді Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушы мамандары.

Мерекелік іс-шараға келген ел ағалары мен қонақтар өнерлі өрендерге алғыстарын айтып, айтулы мерекемен құттықтады.