​Кентау көшелері камерамен бақыланады

0
1 939

Көпқабатты 10 тұрғын үйдің ауласына «Стритбол және воркаут» спорт алаңшалары салынды.


​Кентау көшелері камерамен бақыланады

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 15 бейнебақылау камералары және 110 жол белгілері орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаланы абаттандыру жұмыстарына 141,0 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде аталған қаржы - «Кеншілер» саябағын күрделі жөндеуге, қаладағы ескерткіштерді ағымдағы жөндеуге, көпқабатты тұрғын үйлердің 10 ауласына «Стритбол және воркаут» спорт алаңшаларын орнатуға, С.Сейфуллин көшесіне қоршаулар орнатып, абаттандыру жұмыстарына, қалаға кіреберістегі арканы ағымдағы жөндеуден өткізуге, Ш.Уалиханов көшесіндегі жол аяқтар мен жарықтандыру бағаналарын орташа жөндеуден өткізуге, «Жастар ресурстық орталығының» ауласын абаттандыруға жұмсалып, жұмыстар жүргізілген.

Сонымен қатар, қаланың ішінде 15 жерге бейнебақылау камераларын орнатуға 8,7 млн. теңге, 110 жол белгілерін орнатуға 1,7 млн. теңге бөлінсе, 140 метр жол кедергілерін орнатуға 4,2 млн. теңге, 10 дана бағдаршам орнатуға 24,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылған.