Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді.
ERNUR.KZ. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді. Бүгінде бірқатар тұрғын үй аулаларында балалар ойын алаңшаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жалпы абаттандыру жобасы аясында қала бойынша 33 аулаға заманауи балалар ойын алаңшаларын орнату, аула аумақтарын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру көзделген. Жұмыс барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге оларды қысқа мерзімде жою жөнінде нақты міндеттер жүктелді.


