​Кентауда құрылыс жұмыстары қарқын алды

0
2 736

Жаңа мөлтекаудандағы 147 тұрғын үй инфрақұрылыммен қамтылды.


​Кентауда құрылыс жұмыстары қарқын алды

Кентауқаласында құрылыс жұмыстары үлкен қарқын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы «№74 ықшам ауданында» жалпы құны 238,0 млн. теңгеге инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 147 тұрғын үй инфрақұрылыммен қамтылды. Жалпы 4,48 шақырым электр желісі,2,148 шақырым автомобиль жолы, 3,275 шақырымауыз су жүйесі, 1,540 кәріз жүйесі жүргізіліп және 2 трансформатор орнатылды.

Қ.Құралбаев атындағы орталық стадионның қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Білім саласы бойынша Қарнақ ауылында 300 орындық Ахын-тума мектебінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті бюджеттен 237,2 млн. теңге қаралып, №1 және №4 мектептер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті.

Қаланың 5 ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 58,0млн. теңге бөлініп, 2,5 шақырым жол жөнделді. 27,6 млн. Теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы 9,1 ш.м. жол жөндеуден өтті.