«Халық әуені» жобасы Түркістан облысында басталды

0
118

17 өңірінде бір мезетте бастау алды.


«Халық әуені» жобасы Түркістан облысында басталды

Қазығұртта өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына 500-ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы Түркістан облысында ресми түрде ашылды.

21 мамыр –Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған жоба еліміздің 17 өңірінде бір мезетте бастау алды.

Осыған орай,бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында жобаның шымылдығы түріліп, алғашқы концерттік кеш көрермен назарына ұсынылды. Аталған мәдени жоба аясында Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрболат Арзамасұлы жәнеАрдақ Балажанова, сондай-ақҚазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртіс-солистері мен «Бірлік» би ансамблінің өнерпаздары ұлттық ән, би және эстрадалық өнердің үздік үлгілерін жоғары деңгейде паш етуде.

Гастрольдік сапар Түркістан облысында үш күнге жоспарланған. Концерттік бағдарламалар 22 мамыр күні Арыс қаласында, 23 мамыр күні Ордабасы ауданы Темірлан ауылында өтеді.

Айта кетейік, «Халық әуені» жобасы ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттап, өңір тұрғындарын кәсіби сахналық өнердің үздік үлгілерімен таныстыруға және мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.

Бөлісу