​Халықаралық білім ордасында «САНАЛЫ ҰРПАҚ» жобалық кеңсесі ашылды

0
2 229

«Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесі өңірде алғаш рет ашылып отыр.


​Халықаралық білім ордасында «САНАЛЫ ҰРПАҚ» жобалық кеңсесі ашылды

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шайымова, Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Университет ректоры Б.Абдирасилов, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, оқытушылар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шайымова іс-шарада сөйлеген сөзінде, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою елімізде орындауды талап ететін басты мақсаттардың бірі, бұл тұрғыда Агенттік барлық оқу орындарыменбірлесіп тығыз жұмыстар жүргізуде, соның бір айғағы бүгін Сіздердің оқу орындарыңызда «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесі салтанатты түрде ашылып отырғанын айтып өтті.

Жиын соңында Университет ректоры Б.Абдирасилов Айгүл Амантайқызына оқу ордасына арнайы келіп, Жобалық кеңсені ашқанына алғыс білдіріп, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосатынын айтты.

Айта кетсек, «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесі өңірімізде алғаш рет ашылып отыр.