​"Халықтық топтың" ерікті қатысушылары құрылыс жұмыстарын қадағалайды

0
918

Жалпы, "Халықтық топ" құрамы көгал, тұрғын үй, саябақтар және басқа да жұмыстардың талапқа сай орындалуына және бөлімге қолайсыз тұстарын жеткізіп, шара көруіне ықпал етеді.


​

Бүгін "Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының кезекті XLIV есеп беру және сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Партия филиалының төрағасы, қала әкімі Рашид Аюпов төрағалық еткен жиында Саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі, алдағы кезеңге арналған міндеттері, сайлауалды бағдарламаның жол картасы аясында I тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі, Саяси кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, облыстық филиалдың кезекті XLI конференциясына делегаттар сайлау мәселелері талқыланды.
Рашид Абатұлы өз сөзінде қала дамуында атқарылар жұмыстарға мәслихат депутаттарының белсенді қатысуын сұрады. Атап айтқанда, өткен жылы жүзеге асқан, "Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалы тарапынан құрылған "Халықтық топ" мүшелерінің жұмысын қайта жандандыруды тапсырды.
"Қаламыз тарихи кезеңді бастан өткеруде. Қазірдің өзінде 200-ге жуық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның барлығын бір бөлімнің тұрғындар күткендей аз уақытта қадағалап шығуы мүмкін емес. Сол себепті, ертеректе құрылған "Халықтық топ" құрамын қайта тізіп, барлық құрылыс алаңдарына кіру мүмкіндігі қарастырылу қажет", - деген Рашид Абатұлы қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Темірбаевқа тапсырып, нәтиже көрсету қажеттігін айтты.
Жалпы, "Халықтық топ" құрамы көгал, тұрғын үй, саябақтар және басқа да жұмыстардың талапқа сай орындалуына және бөлімге қолайсыз тұстарын жеткізіп, шара көруіне ықпал етеді.
Одан өзге, қалалық мәслихат депутаттары Т. Мұсаев, Ғ. Құдияров, Н. Жүсіпбаев және партия мүшелері М. Базарқұлов пен Ә. Исабековке қоғамдық және жастар ұйымдарын құрып, қалада салынған түрлі алаңшаларда бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қоғамдағы рөлінің ерекше екенін айтып, пандемияның алғашқы күндерінде көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.