Корей Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Кореядағы Елшілігі ұйымдастырған «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының қазақстандық-кореялық жобаларын "қаржылай және қаржылық емес қолдау" атты бизнес-семинарға қатысқан корей кәсіпкерлері, әсіресе Түркістан облысындағы жол құрылысы жобасына өз қызығушылықтарын білдірді.
ERNUR.KZ. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингінің делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп жазады ҚазАқпарат.
Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев бастаған делегация құрамында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ делегациясы Холдингтің Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова және Kazyna Capital Management, Kazakhstan Project Preparation Fund, Қазақстанның Даму Банкі, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры еншілес ұйымдарының басшылары болды.
Сапар бағдарламасы Кореяның KOLON Investment, Кореяның Шетелдік қала инфрақұрылымын дамыту корпорациясы, EximBank, Hyundai E&C, Кореялық даму институты (KDI), K-Sure сауданы сақтандыру корпорациясы, Кореяның инвестициялық корпорациясы (KIC), Тұрғын үй және қаланы дамыту кепілдігі корпорациясы, SK Lubricants, Корей технологиялық даму институты (KIAT) сияқты ірі корпорацияларымен іскерлік кездесулерді және бірлескен жобаларды қолдау бойынша бизнес-семинарды қамтиды.
Осы кездесулер барысында медицина, энергетика, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолданатын тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Холдингтің қолдауымен Қазақстанда жобаларға қатысу үшін бірнеше кореялық компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді.
Корей Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Кореядағы Елшілігі ұйымдастырған «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының қазақстандық-кореялық жобаларын қаржылай және қаржылық емес қолдау» атты бизнес-семинарға қатысқан корей кәсіпкерлері, әсіресе Түркістан облысындағы жол құрылысы жобасына өз қызығушылықтарын білдірді.
«Бәйтерек» холдингі басқармасы төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев өз баяндамасында Оңтүстік Кореяның қатысуымен 500-ден астам компания Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. - Бұл біздің елімізге Корея бизнесінің жоғары сенімін білдіреді. Корея Республикасы денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы, ақпараттық және ғылыми технологиялар саласында жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие. Осыған орай бірлескен бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін кореялық бизнесті Қазақстанға шақырамын», - деді Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары.