​Мақтааралдың белсенді жастарі марапатталды

0
2 120

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мәдени-спорттық іс-шараларда белсенділік танытып, ерекше көзге түскен жастарға аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.


​Мақтааралдың белсенді жастарі марапатталды

Мақтаарал ауданының Мақтарал гуманитарлық-экономикалық агробизнес колледжінде 17-қараша «Студенттер күні» аясында және Мақтаарал ауданының 90 жылдығы мерекесінде ауданның жастарының жетістіктерін бағалау, 2018-жылды қорытындылау мақсатында «Жалынды жастар – мәңгілік елдің болашағы!» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиында рсепубликалық, облыстық мәдени-спорттық шараларда белсенділік танытып жүрген жастар марапатталды, деп хабарлайды осы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Тек саяси маңыздылығы бар іс-шаралармен ғана айналысып қоймай туған жердің табиғатын түлетіп, қоршаған ортаны ластанудан сақтау мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарып, жанашырлық танытып жүрген мақтаралдық белсенді жастар да аудан әкімінің алғыс хатынан шет қалмады.

Салтанатты марапаттаудан соң аудан жастары Елбасының жастар арасында жұмыссыздықты жою арқылы халықтың әл-ахуалын жақсартуға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруда жасалып жатқан қамқорлықтар, жас ұрпақтың бойына патриотизмді сіңірудегі істер аясында пікір алмасты. Бұл ретте бірінші кезекте жастардың белсенділігін арттыру маңызды дейді жиынға қатысушылар.

«Болашақ бүгіннен басталады демекші, ел жастарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың ауқымы жоғары. Айта кету керек, Мақтарал жастарының қай салада болмасын өнерде, білім мен ғылымда, спортта, қала берді жеке кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерін барынша дәріптеп, оларға барынша демеу көрсетіп отырған Елбасымыздың еңбектері елеулі. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің өркендеуіне бар жастық жігерлерімізбен атсалысу», - дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сүндет Кенжебаев.

Басқосу соңында Мақтаралдың жалындаған жастары Елбасының ұстанып отырған салиқалы саясаты мен өздеріне жүктелген тапсырмаларын құр сөзбен емес, қайырымы мол іс-әрекеттерімен, бойларында буырқанған жастық жігерлерімен жүзеге асыруға уағдаласып тарқасты.