Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістанға келді

0
705

Азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.


Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент Түркістанға келген іссапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Өз парақшасында жариялады.

"Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді",- делінген баспасөз хатшысының жазбасында.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды.