Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында Сарыағаш қаласы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараны Сарыағаш қаласы және Құркелес ауылдық округі әкімінің аппараты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша, жұмыспен қамту және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізді. Жәрмеңкеге келушілердің басым көпшілігі салық төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарты, жер телімдері, жұмыспен қамту туралы сұрақтар қойды. Көпшілік тарапынан электронды цифрлы қолтаңба, мекен-жайы және сотталмағандығы туралы анықтама алу, жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп түсті.
Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды.