Сайыстың шарты бойынша облыстағы әр түрлі ұлт өкілдері қатысуы тиіс болатын.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Менің елім – Қазақстан!» ән фестивалі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы бойынша барлық аудандардағы түрлі этнос өкілдері арасында өткен ән байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың шарты бойынша облыстағы әр түрлі ұлт өкілдері қатысуы тиіс болатын.
Облыстағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен бұл ән байқауында отаншылдық, патриоттық тұрғыдағы әндер шырқалды. «Менің елім – Қазақстан!» атты ән байқауында жүлделі орындар тағайындалып, сайыс барысында өзара сайысқа түскен әр ауданның қатысушылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сайыста жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ал, Түркістан облысы, Сайрам ауданының атынан қатысқан әнші Ибрагимов Нематжан жеңімпаз атанып, бас жүлдені иемденді және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.