Мүгедек қыздың өтінішімен концерт қойды

0
1 947

ERNUR.KZ. Облыстық мүгедектерді оңалту орталығында әлеуметтік қызмет алушылардың өтінішімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бәйдібек ауданынан арнайы ат басын бұрған Мәдениет үйі өнерпаздары демалушыладың көңілін көтеріп, әннен шашу шашты.

«Ән мен күйге бала кезден әуеспін. Домбыра тартып, ән айтқым келеді. Тек... Денсаулығым оған жарамайды. Туғаннан І-топтағы мүгедекпін. Дегенмен тыңдай білу сезімімнің, өнерді құрметтеуімнің арқасында өмірден түңілген жоқпын. Өнерді сүю маған екінші өмір сыйлады десем де болады. Менімен бірге демалушы кісілердің бір күнін болса да қуанышқа толтыруды көздеп, өтініш айтқан едім бәйдібектіктерге. Олар сөзімді жерге тастамай, келіп отыр. «Игі істің қасына, жақсы келер басына», демекші орталық басшылығы да көп көмек берді. Алғысым шексіз»,-дейді орталықта ем қабылдап жатқан Алтынай Мұсабекова.