Елбасы алдағы 3-5 жылда білім мен медицинаға жұмсалатын шығынның мөлшерін ЖІӨ-нің 10 пайызына теңестіруді тапсырды. Ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге артатын болады. Бұл арқылы 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі деген сөз.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі Жолдауындағы денсаулық саласы бойынша жүктеген міндеттері медицина саласына тың серпін беретіндігін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Елбасы алдағы 3-5 жылда білім мен медицинаға жұмсалатын шығынның мөлшерін ЖІӨ-нің 10 пайызына теңестіруді тапсырды. Ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге артатын болады. Бұл арқылы 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі деген сөз. Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 пайызға көтерілетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында мәлімдеді. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселесі. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұжымы қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндетін көздеген Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдады. Әсіресе, Елбасының келер жылдан бастап, медицина қызметкерлерінің айлығы өседі деген сөзі сала мамандарының кәсібіне деген жауапкершілігін арттырып отыр", дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.