Нұр-Сұлтан қаласына Түркістаннан 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жіберілді

0
1 609

ҚР Конституция күніне орай 31 тамыз және 1 қырқүйек күндерінде Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.


Нұр-Сұлтан қаласына Түркістаннан 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жіберілді

Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдері Нұр-Сұлтан қаласына аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай, ағымдағы жылдың 31 тамыз және 1 қырқүйек күндерінде Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен, тұрақты дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Сондай ақ, «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан ЖК «Улугбек» аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС-гі арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы «Алтын адам»ЖШС-гі ерлер костюмдері мен мектеп формаларын қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынатын болады.

Жәрмеңкеге 39 тауар өндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Олардың жалпы құны 123,545 млн. теңгені құрайды.

Атап айтсақ, ет және ет өнімдері - 52 тонна, көкөніс - 86 тонна, картоп - 11 тонна, сүт өнімдері - 23 тонна, бақша дақылдары - 48 тонна, жеміс-жидек - 21 тонна, балық - 5 тонна, әсел - 4 тонна және 25 тонна басқа өнімдер қала тұрғындарына ұсынатын болады. Аталған отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 % төмен бағада саудаланатын болады.