Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер Қанат Көпбаевпен кездесті

0
57

Кездесу барысында өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер Қанат Көпбаевпен кездесті

Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер, «Kusto Group» холдингінің құрылтайшысы Қанат Көпбаевпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер, «Kusto Group» холдингінің құрылтайшысы Қанат Көпбаевпен кездесті


Кездесу барысында өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, өндірістік парктер мен индусстриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар туралы баяндады.


Тараптар Түркістан облысы аумағында жаңа жобаларды жандандыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы мүмкіндіктерді қарастырды. Сонымен қатар Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, логистикалық әлеуетін арттыру, жолаушылар ағынын көбейту және халықаралық әуе бағыттарын кеңейту бойынша әріптестік орнату мәселелерін талқылады.


Кездесу қорытындысында тараптар өңір экономикасын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға дайын екендерін атап өтті. Алдағы уақытта нақты ұсыныстарды талқылап, әріптестікті тереңдетуге уағдаласты.

Бөлісу