Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің оңтайлы шешу жолын қарастырды.
Нұралхан Көшеров жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бүгін облыс басшысы Нұралхан Көшеров жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің оңтайлы шешу жолын қарастырды.
Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарының тұрғындары келді. Азаматтар коммуналдық, экологиялық, заңсыз құрылыстар, тұрғын үй, жұмыс, кәсіпкерлік, білім саласына қатысты және өзге де өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Сарыағаш ауданының азаматы кәсіпкерлік нысанның мәселесін жеткізді. Жетісай ауданынан келген тұрғын әлеуметтік қызмет саласының жұмысына шағымданды. Кентаулық тұрғын ауыз су, қоқыс полигоны және экология туралы мәселе көтерді. Қазығұрт ауданынан келген азаматша тұрғын үй сапасы сын көтермейтінін жеткізді. Одан бөлек, тұрғындар аудан, қалалардың әлеуетін арттыру бағытында ұсыныстарын айтты.
Нұралхан Көшеров тұрғындармен ашық диалог орнатып, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілетінін жеткізді. Өңірді дамытуда тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері маңызды екенін атап өтті. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.