Нұралхан Көшеров «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқарма төрағасымен кездесті

0
104

Өңір басшысы денсаулық сақтау мәселесі басты назарда тұрғанына тоқталды.


Нұралхан Көшеров «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқарма төрағасымен кездесті

ERNUR.KZ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, облысты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға қажетті препараттарды уақтылы жеткізу, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар қойма логистикасын жетілдіру, дәрі-дәрмектерді сақтау және тарату жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Өңір басшысы денсаулық сақтау мәселесі басты назарда тұрғанына тоқталды. Осы саланы дамыту бағытындағы ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге дәрі-дәрмекті бөлуде әділдікті сақтау, шын мұқтаж науқастарды қамту, осы саладағы кейбір заңсыздықтар мен олқылықтарды жою мәселесі де көтерілді.

Кездесу соңында қос тарап денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдіріп, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.