Облыстық Жастар слетінде Қазығұрт ауданы «Үздік концерттік бағдарлама» номинациясын жеңіп алды

0
1 208

Қазығұрт ауданы "үздік концерттік бағдарлама" номинациясы бойынша марапатталды.


Облыстық Жастар слетінде Қазығұрт ауданы «Үздік концерттік бағдарлама» номинациясын жеңіп алды

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің ұйымдастыруымен Жастар слеті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында өткен жастар слетінде қамтылған мәселе - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Өз заңын құрметтеп қастерлейтін, еліне шын берілген Жастар — Мәңгілік елдің кепілі.

Сондықтан, "Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күніне орай, 5 желтоқсан 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің ұйымдастыруымен Жастар слеті болып өтті.

Аталған шараның жастар үшін маңызды кездесу болғаны белгілі. Өйткені, еліміздің болашағы жастар. Жастар слетінде ынталандыру үшін жастарға марапаттар тағайындалды.

Сонымен қатар, аудандар бойынша әр түрлі номинациялар тағайындалып, көптеген аудандар марапатталды.

Қазығұрт ауданы "үздік концерттік бағдарлама" номинациясы бойынша марапатталды.