Жеткіншектің анасның айтуынша, кішкентай Инабат 26 наурыз күні сағат 13.00 мен 14.00 арасында табылмай қалған.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында жеті жасар қыз жоғалып кетті. Бірінші сынып оқушысы Инабат Мұхтарқожа Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып келген екен,-деп хабарлайды ҚазАқпарат
Жеткіншектің анасның айтуынша, кішкентай Инабат 26 наурыз күні сағат 13.00 мен 14.00 арасында табылмай қалған. «Өзіміз Арыс ауданында қарасты Қожатоғай ауылында тұрамыз. Қызымыз нағашыларына қыдырып келген. Сол күні есіктің алдына ойнап жүрген екен. Жарты сағаттың арасында жоқ болып кеткен. Қазір бәріміз осында келіп іздеп жатырмыз. Қандай да бір болжам да жасай алмай отырмыз. Еш хабар да жоқ. Ақыл есі жақсы. 2010 жылы туған бірінші сыныпта оқиды», - дейді анасы. Туыстары жеткіншектің жоғалғаны туралы тәртіп сақшыларына да хабар беріпті. Олар да іздестіріп жатқанын айтады. «Сол күні-ақ полицияға хабар бердік. Қазір олар да іздеу шараларын жүргізіп жатыр»,- дейді Инабаттың анасы Ақбота Кәукешова.