Шара аясында созақтық оқушылар өз денсаулығына жауаптылықпен қарауды және жеке бас гигиенасының басты қағидаларын үйренді.
2018 жылдың 10 желтоқсан күні Түркістан облысы, Созақ аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Г. Озғанбаева Шолаққорған ауылына қарасты А.Сүлейменов атындағы орта мектеп оқушыларына балалар арасында кең тараған жіті инфекциялық аурулар туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ақпараттық-түсіндірме іс-шарасында Г. Озғанбаева оқушыларға жіті ішекинфекциясы, сальмонеллёз, «А», «В», «С» вирустық гепатиттері, қызамық, ЖРВИ, тұмау аурулары жөнінде жалпы ақпарат берді. Бұл аурудың барлығы да адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топқа жатады.
Аталған инфекциялық дерттер ауа арқылы, жеке бас гигиенасын дұрыс ұстамаудан, әр түрлі үй жануарлары мен құстардан, арнайы санитарлық ережелер сақталмаған көше бойында сатылатын азық-түлік тағамдарынан, жуылмаған жеміс пен көкөністерден жұғатынын оқушыларға ескертілді.
Балалар арасында жиі кездесетін бұл инфекциялық аурулардың алдын алу – гигиена мен тазалықта екенін айтқан Созақ аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкері Г.Озғанбаева оқушыларға негізгі гигиеналық ережелерді орындауды үйретті.
Ақпараттандыру шарасының аясында балалар өз денсаулығына дұрыс қарауды және жеке бас гигиенасының басты қағидаларын үйренді.