Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысандардың құрылысын тексерді

0
1 176

Төрт жыл ішінде 4 млн түп көшет отырғызылып, көше қала ну орманға айналмақ.


Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысандардың құрылысын тексерді

Түркістан қаласында көлік нөпірі көбейгендіктен, кептелісінің алдын алу мақсатында бірқатар көшелер кеңейтіліп, тағы біразы жөндеуден өтіп, бірнеше жаңа жолдар төселмек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы басталған Ясауи көшесінің жобасымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет қазынасынан керекті қаражат бөлінген жаңа жолдың айналасына жолаяқ төселіп, жан-жағы жасыл желекке оранбақ. Аймақ басшысы жаңа көшенің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылығына жол салу технологиясының талаптарын қатаң ұстануды талап етті.

Арнайы жұмысшы топты басқарған Өмірзақ Естайұлы шаһарда салынған су арналары мен гүлзарларды аралап көрді. Қаладағы экологиялық ахуалды тұрақтандырып, қолайлы климат қалыптастыру мақсатында шаһарды айнала «Жасыл белдеу» құрылған.

Төрт жыл ішінде 4 млн түп көшет отырғызылып, көше қала ну орманға айналмақ. Аймақ басшысы Түркістан қаласындағы теміржол вокзалын аралап көріп, жаңадан соғылатын гүлзар мен вокзал аймағындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты.

Теміржол вокзалының айналасында күрделі жөндеу жүрігізіліп, жолдар жаңадан төселеді. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандыру жобасын тексерді. Бұл шешім Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО отырысында қабылданған болатын. Қазір құрылыс аумағы тегістеліп, тазартылуда. Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі