«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Созақ ауданының мәдени күндері басталды

0
668

Этноауылда ұлттық спорт ойындары насихатталды.


«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Созақ ауданының мәдени күндері басталды

Түркістанда Созақ ауданының мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Созақ ауданының мәдениет күндері басталды. Бүгін Этноауылда ұлттық спорт ойындары насихатталды. Қол күрес, гір көтеру, еркін күрес, асық ату сынды тағы да өзге спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, жүзден жүйрік деп танылған палуандарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек, қылқалам шеберлері және кітап көрмелері таныстырылды.


Айта кетейік, бүгін сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде аудан өнерпаздарының және елімізге танымал «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Спабеков, эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Бағдат пен Дима және «RIO» тобының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді. Ал кештің көркін ашатын жүргізушілер «Байдың балалары»жайдарман тобының капитаны Нұрым Досбол және жайдарманшы Жанболат Досбол.