Бүгінгі таңда бұл мекемеде 175 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 65 бала күндізгі бөлімде.
ОҚО ІІД Ақпараттық-сараптамалық орталығының 100 жылдық мерейтойына орай, ДЦП-мен ауыратын балаларға арнап орталық полицейлері «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Сондай-ақ, балаларға мейірім мен жан жылуын сыйлап, олардың қоғамдық ортадан шеттетілмеуіне көмек көрсету, өмір сүру деңгейін қолдау білдіру.
Балалардың жеке қажеттілігіне қарай, олардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрі балаларға медициналық, әлеуметтік жағдай жасайды. Осыны алға тартқан ОҚО ІІД ААО қызметкерлері қаламызда орналасқан «ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №6» балалар арнаулы қызметтер көрсету орталығы» ММ-де тәрбиеленіп жатқан ДЦП-мен ауыратын балаларға үлкен плазмалы теледидар тарту етті.
Бүгінгі таңда бұл мекемеде 175 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 65 бала күндізгі бөлімде.
«Мүмкіндігі шектеулі, жетім, қамқорлыққа алынған балаларға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы», - дейді акцияны ұйымдастырушылар.