Ұсталғандардың мал ұрлығының үш жайтына қатысы бары тергеу барысында анықталды.
ERNUR.KZ. ОҚО Төлеби АІІБ полицейлері ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, мал ұрлығымен айналысқан деген күдікпен жергілікті екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ұсталғандардың мал ұрлығының үш жайтына қатысы бары тергеу барысында анықталды. Олар малды жайылымнан және мал қораларынан әкетіп отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Айғақты заттар тәркіленді. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда.