Кеңейтілген кеңес отырысында Әлеуметтік-әріптестік Келісім қабылданды.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі аудандық мәдениет үйінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің кеңейтілген кеңесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.
Кеңейтілген кеңес мәжілісіне кеңес мүшелері, аудан әкімінің экономика және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалының директоры, әлеуметтік-әріптестік комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының жұмыс берушілер мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясы құрамының өкілдері, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі, ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті арасындағы 2019-2021жж арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімді қабылдау мәселесі қаралды.
Кеңес соңында келісім жобасы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлерді басшылыққа ала отырып, қаулы жобасын оқыды және кеңес мүшелеріне жобаны дауысқа салып, бекітуді ұсынды. Ұсыныс дауысқа салынып, бірауыздан бекітілді. Соңынан Келісімге Тараптардың қолдары мен мөрлері қойылып, 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімнің қабылданды.