Олардың қатарында Тәуелсіздік шеруі, студент жастардың «Жас ұлан» ұйымына қабылдануы, т.б. атауға болады.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы аумағында Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп жатқан игі іс-шараларға аудан орталығындағы №18 колледж де өз үлесін қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Атап айтар болсақ, желтоқсан айының 15 жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай таңғы сапта барлық, оқу тобының студенттері мерекелік сап түзеу шеруі өтті. Соңында колледж директорының міндетін атқарушы Ақтөре Жандос мырза барлық студенттерді мерекемен құттықтап, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серікбай Атымтай мырза студенттерді мерекеге орай алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетсек, 13 желтоқсан күні №18 колледжде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымына 1-курс студенттерінен 15 студент қабылданды. Соңынан «Тәуелсіздік тұғыры берік болсын» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Бұған дейін жергілікті деңгейдегі аумақтарды басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндігін, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске тетіктерін, қағидаттарын түсіндіру бойынша колледж студенттерімен кездесу және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау жиыны өткізілген болатын.