Ордабасыда бокстан ашық біріншілік өтті

0
1 405

Біріншілік ұйымдастырушысы — Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.


Ордабасыда бокстан ашық біріншілік өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған бокстан Ордабасы ауданының ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған дүбірлі бокс біріншілігі желтоқсан айының 6 және 10 күндері аралығында өтті. Жарысқа ауданға қарасты ауыл округтерінен жиналған 100-ге жуық боксшы қатысып, өз бақтары мен баптарын сынға салды. Біріншілік нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен грамота және медальдармен марапатталды.

Аудан жастары мен жасөспірімдерін бос уақытын тиімді өткізуіп, спортқа ден қоюға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымастырылған шара соңында спорттық ойындардың өтуіне ұйытқы болған Ордабасы аудандық спорт бөлімі қызметкерлері сайыстар барысында қатысушыларға спортта үлкен белестерді бағындыруды, спорттық жетістіктері арқылы еліміздің атын әлемге паш етуді тілеп, сенімдерін білдірді.