Ордабасыда «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші өткізілді

0
1 927

Кездесу кешінде желтоқсан оқиғасының куәгері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматтары қонақ болды.


Ордабасыда «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші өткізілді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлері мен Бадам ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Бадам ауылдық әкімшілік мәжіліс залында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған кешке құрметті қонақ ретінде Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны, желтоқсан куәгері Қонысов Махмұд Артайұлы, Бадам ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарыбаев Тоқтасын, ауданның құрметті азаматы, тыл ардагері Қазыбек Нышан және Шалдарбеков Асылхан шақырылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің әнұранымен басталған мерекелікшарада 1986 жылғы тарихи оқиғадан мәлімет беретін бейнероликтер көрсетілді. Сөз кезегін алған желтоқсаншы Қонысов Махмұд Артайұлы желтоқсан оқиғасыда басынан өткерген естеліктермен бөлісіп осы оқиғаға қатысты қойылған мектеп оқушыларының сұрақтарына жауып берді.

Сонымен қатар Қазыбек Нышан ата желтоқсан оқиғасы жайында сөз қозғап Тәуелсіздік оңайлықпен келмегендігін, осы тәуелсіздік жолында құрбан болған аға әпкелердің ерлігін дәріптеуге құрметтеуге шақырды. Сөз соңында қария бата беріп, жас ұрпаққа өнегелі сөздерін айтып өтті. Іс-шара барысында «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы атынан 2018 жылы өткізілген мәдени іс–шараларға белсене қатысып қолдау көрсеткен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарыбаев Тоқтасын ағайға және Дәрмен Сағыныш, Бадам ауылдық кітапханашысы Смайыл Умина апайларға алғыс хаттар табыстады. Мерекелік шара "Ордабасы триосы" және мектеп өнерпаздарының орындауындағы ән күймен жалғасын тапты.