Ордабасыда «Түнгі қаладағы балалар» акциясы өткізілді

0
1 858

Акция барысында беймезгіл уақытта тыйым салынған жерлерде жүрген балалар тексерілді.


Ордабасыда «Түнгі қаладағы балалар» акциясы өткізілді

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдке шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шара барысында аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімше бастығы Әуелов Қанат, қызметкері Манабаев Тимур, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұратбек Ұлтусын, Тәукехан атындағы жалпы орта мектептің директоры Рахымбаев Алмас, «Ордабасы оттары» газетінің тілшісі Оңғарбайқызы Жібек түнгі рейдке шықты. Олар ойынханалар, кафе, мейрамхана, тойханаларды аралап, иелеріне беймезгіл уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, оларға ойын ойнауға рұқсат беру құқықтық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндірді.

Айта кетейік, кешкі сегізден кейін ойын-сауық орталығында өз беттерімен жүрген, қасында заңды құқы бар ересек адам жоқ жасөспірімдердің ата-аналарына Әкімшілік кодекстің 442-бабына сәйкес, әкімшілік іс қозғалады.

Жалпы, «Түнгі қаладағы балалар» акциясы жылдың әр мезгілінде жиі ұйымдастырылады. Полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне, тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі болуы тиіс дейді мамандар.