2018 жылдың азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасының жүзеге асырылуы қорытындыланды.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес 3606 қатысушыға әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бағдарламаның І-бағыты - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 335 азамат қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды.
Бағдарламаның екінші бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2018 жылға кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау–бизнес» жобасы бойынша 10 айдың қорытындысымен 146 азамат оқу курстарына жолданды. 40 азамат шағын несие алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде тұрақты және уақытша жұмысқа, жаңа жұмыс орындарына 2 241 азамат жолдама алды. 2 545 азамат бос жұмыс орындарына, 194 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 267 азамат жолданып, жоспар 116,1 пайызға орындалды.
Жастар практикасына 166 азаматты жіберу жоспарланса, нақты - 209 адам жолданып, жоспар 125,9 пайызға орындалды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 316 адам жолданды.
Мүмкіндігі шектеулі 99 азамат жұмыспен қамтылды.
Пробация қызыметінде есепте тұрған 123 азаматтың 31 жұмысқа орналасты, оның ішінде 4 адам квота арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.