Мереке қарсаңында қайырымдылық іс-шаралары да жиі өтуде.
желтоқсан — Тұңғыш Президент күні жалпыхалықтық мерекеге айналғалы аталған мерекеге орай түрлі қайырымдылық іс-шаралары да жиі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осы орайда мереке қарсаңында Ордабасы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Үсенбаев Ғалымжан Темірлан аулының тұрғыны І топ мүгедегі Жәлел Тәжібекке мүгедек арбасын тарту етті.
2009 жылы жоғары қан қысымымен құлап, аяқ-қолы жансызданып қалған азамат қоларбаға таңылуға мәжбүр болған. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Үсенбаевтан қоларба алған темірландық тұрғын қуанышын жасыра алмады.
«Әлеуметтік қолдауға зәру азаматтарды назардан тыс қалдырмайтыны үшін алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен рахметімді білдіремін. Сонымен бірге мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып жүрген аудан әкімшілігіне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ризашылығым шексіз» - дейді Жәлел Тәжібек.
Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 600-ге жуық І-топ мүгедек азаматтар бар. Солардың ішінде биылғы жылы аудан бойынша 106 азаматқа қоларба үлестірілген.