Көрермендер фильмнің ел тәуелсіздігіндегі маңызды қадамдарды жаңа қырынан танытқанын, мол әсер алғандарын айтып, тарқасты.
17 желтоқсанда Ордабасылықтар орталық мәдениет үйіне жиналып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген «Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалап, Қазақстан елордасының қалыптасу тарихына қанықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Фильмде еліміздің бас қаласына айналған Астананың іргетасын қалаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, осы жолда Елбасының сенімді серігі болған азаматтардың қызметі, халықтың бірлігі, жұртшылықтың ықыласы, сенімі көркем түрде баяндалады. Фильмде қамтылған жылдар еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сәтімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадамдарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етті.
Бүгінге дейін «Елбасы жолы» киноэпопеясының бес картинасы көрермен назарына ұсынылған-ды. «Балалық шағымның аспаны» (2011 жыл), «Отты өзен», «Теміртау» (2013 жыл), «Тығырықтан жол тапқан» (2014 жыл) және «Жұлдыздар тоғысқанда» (2016 жыл). Алғашқы төрт бөлімде Мемлекет басшысының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде бас кейіпкердің рөлін актер Берік Айтжанов ойнады.
Көрермендер фильмнің ел тәуелсіздігіндегі маңызды қадамдарды жаңа қырынан танытқанын, мол әсер алғандарын айтып, тарқасты.