​«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты кездесу өтті

0
2 661

Бұл кездесуге Қызылқия ауылдық округінің Қызылсеңгір елді мекенінің тұрғындары және ауданның бас имамы, Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ ювиналды полиция тобының инспекторлары, "Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторының мамандары қатысты.


​«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты кездесу өтті

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округінің Қызылсеңгір елді мекенінде өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты бұл кездесуде отбасындағы зорлық-зомбылықтың, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, тосқауыл болу туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, жастар арасындағы ерте жүктіліктің және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл кездесуге Қызылқия ауылдық округінің Қызылсеңгір елді мекенінің тұрғындары және ауданның бас имамы, Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ ювиналды полиция тобының инспекторлары, "Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторының мамандары қатысты.

Мамандардың түсіндірме жұмыстары жастарды тәрбиелеуге бағытталды. Сонымен қатар, қоғамдағы тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесу жастар арасында белең алған тәртіпсіздікті ауыздықтауға қолданылатын шара. Қоғам дертімен күресу міндетін арқалаған, жауапкершілікті сезінетін әрбір тұрғын тиісінше керекті мағлұматтарды алды.