Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Бүгін Отырар ауданында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
«Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», - деген аудан басшысы Е.Айтаханов алдағы жұмыстарына да сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан әкімі «Үздік мемлекеттік қызметші-2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттап, арнайы бағалы сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ салтанатты жиында бір топ мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және мінсіз мемлекеттік қызметі мен жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін облыс әкімінің грамотасы және алғыс хатымен, сонымен қатар облыстық кәсіподақ комитетінің төсбелгілері және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.